ҚР Премьер-Министрінің Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

06 тамыз 2017, 10:00

Биыл 4 тамызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру барысымен танысты.

• Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

• ҚР Премьер-Министрі Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск қаласындағы жаңа республикалық шаңғы спорты базасының құрылысына барып, Бурабай ауылының шипажайлық-курорттық нысандарының, көрікті жерлерінің және туристік инфрақұрылымының жағдайымен танысты.

• Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Щучинск – Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда осы саладағы барынша перспективалы бағыттар мен жобалар талқыланды.

• Ақмола облысында ҚР Премьер-Министрі аймақтағы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады

• Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығын аралады және өңірдің тұрғындарын еңбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларын қарады.

• ҚР Премьер-Министрі Көкшетауда Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру барысы жөнінде кеңес өткізді.

• Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев «Тыныс» АҚ ірі машина жасау кәсіпорнына  барып, зауыттың ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында технологиялық жаңғырту жұмыстарын жүргізуге арналған әлеуетін бағалады.