Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №11

26 қараша 2016, 12:29

2016 жылғы 21-25 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері бойынша кеңестердің жұмысына қатысты.   

Сәрсенбіде Бақытжан Сағынтаев ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысына қатысты, онда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы Декларациясы қабылданды.

Сейсенбіде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысында ҰБТ өткізу форматын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ зияткерлік меншік және электр энергетикасы салаларындағы заң жобалары талқыланды.  

Сол күні Премьер-Министрге Атырау қаласын дамытудың бас жоспарының жобасы таныстырылды.

Бейсенбіде Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.