Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

03 қазан 2017, 18:00
Фото: Akorda.kz

Жиында қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жаһандық факторларды қамтитын өзекті мәселелер, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың қазіргі ахуалы талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Біз бүгін еліміздің барлық күштерін түрлі төтенше жағдайларға қарсы тұруға және жұмылдыруға дайындығын талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің рөлі мен мәртебесін одан әрі арттыру жөніндегі мәселелер қарастырылады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңесте Елбасы «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті ойдағыдай қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айтты.

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.