Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Халықаралық ұйымдар қазақстандық статистиканың жоғарғы деңгейін растады

05 маусым 2017, 15:32
Фото: primeminister.kz

Ірі халықаралық ұйымдар қазақстандық статистиканың жоғарғы деңгейін растады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов хабарлады.

Статистикалық ақпараттың дұрыстығы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Статистикалық тәжірибеде «жаһандық бағалау» ұғымы бар. Қазақстандық статистика жүргізіле бастаған кезеңнен бері осындай бағалау жұмыстары елімізде үш рет – 2003 жылы, 2008 және 2016 жылдары жүргізілген.

«2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында бізді үш ірі халықаралық ұйым – БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, Еуростат және Еркін сауда қауымдастығы бағалады. Соның нәтижесінде олар қазақстандық статистикада елеулі ілгерілеудің бар екенін айқындап, бізге Орталық Азия өңіріндегі көшбасшы атауын беріп, әдістеме бойынша тәжірибемен бөлісуге шақырды», - деді Нұрболат Айдапкелов.

Жалпы, статистиканы 5 000-ға жуық көрсеткіш қалыптастырады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне есептер онлайн режимде және қағаз түрінде келіп түседі, комитет мамандары келген ақпараттарға талдау жасап, қажет болған жағдайда олардың дұрыстығын қайта тексереді.

1/1