Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР ҚМ: Ірі активтерді жекешелендіру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде

04 шілде 2017, 13:34
Фото: primeminister.kz

«Самұрық-Қазына» қорының ірі активтерін өткізу мерзімдері нысандарды барынша тартымды бағамен сату үшін түзетілді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов хабарлады. 

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Б. Шолпанқұлов жаңа терминал тұрғызылған Астананың халықаралық әуежайын мысалға келтірді. 

«Құрылыс аяқталғаннан кейін, әуежай құны ұлғайтылды. Оны сол кезде сатқан дұрыс болар ма еді, әлде бағаның өскенін күту керек пе? Бәрі де түсінікті деп ойлаймын», - деді спикер. 

Дәл осындай жағдай «Қазатомөнеркәсіпте» орын алды. 

«Компания өндіретін өнім құны өседі деп күтілуде, сәйкесінше, компания бағасы да ұлғаяды. Осыны ескере отырып, біз нарықтағы ең жоғарғы бағаны күтеміз», - деді вице-министр. 

Қазіргі таңда ірі компанияларды өткізу үшін сату алдындағы дайындық жұмыстары, бағалау, әлеуетті инвесторларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаржылық аудит үшін тәуелсіз консультанттар тартылды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 17 ірі компаниясын өткізу жұмыстары жоспарға сәйкес 2019-2020 жылдары жүзеге асырылады.

1/1