ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жобаларға халықаралық қаржы ұйымдары арқылы әдістемелік қолдау көрсетеді

20 маусым 2017, 16:00

Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. 

Елжан Біртанов желіні қайта құрылымдау мен қайта жоспарлау, инвестициялық жоспарды әзірлеу, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту бойынша Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспарды іске асыру бойынша іс-қимылдар туралы баяндамасымен таныстырды. Соның нәтижесінде медициналық ұйымдар желісін дамыту бағдарламасы толықтай іске асырылатын болады. 

«Бұдан өзге, министрлік әдістемелік қолдау көрсетіп, жобаларға халықаралық қаржы ұйымдары арқылы қолдау көрсету мәселесін пысықтайды. Қабылданып жатқан шаралар арқылы денсаулық сақтау саласының маңызды көрсеткіштері жақсаратын болады», - деді денсаулық сақтау министрі.