10 қаңтарда Үкімет отырысында жастар саясаты мәселелері қарастырылады

09 қаңтар 2017, 16:04
Фото: primeminister.kz

Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде - жастар саясаты мәселелері және мүлікті жария ету акциясының қорытындысы. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.