Үкімет отырысында 12 желтоқсанда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Тұжырымдамасы қаралады

10 желтоқсан 2016, 13:34
Фото: primeminister.kz

12 желтоқсанда, 10:00-да, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Тұжырымдамасын талқылау, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар, «Yellow Pages Rule» шеңберінде республикалық және коммуналдық меншіктегі ұйымдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын бәсекелес ортаға шығару бойынша атқарылатын жұмыс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.