Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

20 желтоқсанда Үкімет отырысында ҚР 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қарастырылады

19 желтоқсан 2016, 16:47
Фото: primeminister.kz

Ертең, 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындысы, сонымен қатар, «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобаларын қарастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаевтің, қаржы министрі Б. Сұлтановтың, энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, сонымен қатар ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.