Үкімет отырысында 27 желтоқсанда Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы қарастырылады

26 желтоқсан 2016, 12:17
Фото: primeminister.kz

Ертең, 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының жобасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.