Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ұлттық банк қазақстандықтарды мерекелік демалыс күндері валюталық операциялар жасауды шектеуге үндеді

27 тамыз 2015, 06:00

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов ОКҚ брифингінде халықты мерекелік демалыс күндері валюталық операциялар жүргізуді шектеуге үндеді.

«Әрине, кейбір айырбастау пункттері банктердің айырбастау пункттерінің жұмысын шектеу тұрғысынан пайда тауып қалуға тырысады, біз халыққа қандай да бір қажеттілік болмаса, валютаны сатып алу және сатуды шектеуді ұсынамыз», - деді Н.Құсайынов.

Сондай-ақ, ол демалыс күндері банктің барлық филиалдары күшейтілген режимде жұмыс жасайтынын, атап айтқанда айырбастау пункттерінде бағам мониторингіленетінін мәлімдеді.

«Біз «Қазпошта» АҚ-дағы әріптестермен бірге жақсы жұмыс жүргіздік, олардың қосымша қаражатпен, теңгемен және доллармен қамтамасыз еттік, және валюталық операциялар жүргізуге лицензия мен мүмкіндігі бар «Қазпошта» бөлімдері мереке күндері де жұмыс жасайды», - деп баса айтты ол. 

Сонымен қатар, ол «Қазпошта» өз сайтында барлық айырбастау пункттерінің орналасқан жерін жариялайтындығын айтты.