Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Зияткерлік меншік туралы заңнамаға өзгертулер ҚР Үкіметіне қазан айында таныстырылады

28 қыркүйек 2016, 11:57
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Үкіметі зияткерлік меншік туралы заңнамаға өзгертулер енгізетін жаңа заңды таныстырады, деп мәлімдеді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев «Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасы: ұлт денсаулығын сақтау» форумында.

М.Бекетаев дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың және жабдықтардың сапасының маңыздылығын баса айтты.

«Ұлт денсаулығын қорғау Үкіметтің және тұтастай мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады және бұл тиімді денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз етуге ғана қатысты емес.  Жалпы адам денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігі дәрілік заттардың сапасына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарға байланысты», - деп баса айтты М. Бекетаев.

«Осы жылдар бойы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Оларға реформалар өткізуге көмектесудеміз, барлық реформалар үшін құқытық тәртіпті ұсынудамыз. Қазан айында Қазақстан Үкіметі зияткерлік меншік туралы заңнамаға өзгертулер енгізетін жаңа заңды таныстырады», - деп түйіндеді Әділет министрлігінің басшысы.