Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Премьер-Министр Еңбек министрлігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды

26 қыркүйек 2012

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды. 

 

«Елбасы Жарлығымен Серік Сақыбалдыұлы Әбденов Қазақстан Республасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - деп атап өткен Үкімет басшысы жаңа министрдің еңбек жолына қысқаша тоқталып өтті.

С. Ахметовтің атап өтуінше, ол мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі біледі. Осы ведомствоның департамент директоры, министрдің орынбасары болған. Өңірлерде де жұмыс істеп ысылған. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Мемлекеттік басқару органдарындағы осындай жұмыс тәжірибеңізді ескере отырып, Мемлекет басшысы сізге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі сынды жоғарғы мемлекеттік лауазымды ұсынды», - деді Премьер-Министр.