Бақытжан Сағынтаев ШҚО кәсіпкерлерімен бизнес ортаны дамыту мәселелерін талқылады

16 наурыз 2017, 18:19
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік сатып алулар жүйесін одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет саясаты еліміздегі экономикалық өсімді қозғаушы күшке айналуы тиісті, бизнес позицияларды нығайтуға негізделгенін айтып өтті.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру жолында жұмыстардың атқарылғанын, соған орай Қазақстанның үш облысында мемлекеттік сатып алулар кезінде қазынашылық сүйемелдеудің пилоттық жобасы енгізілетінін хабарлады. Бұл құрылыс сапасын арттыруға және іске асырылатын жобаларға отандық кәсіпорындардың қатысу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, қазіргі уақытта орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мәселелері пысықталуда. Ол дәл өлшемдерді бекітіп, рәсімдердің айқындығын арттыруға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев кәсіпкерлерге сатып алулардың ІТ-платформасы құрылатынын айтты. Ол бизнеске өз өндірісін тиімді жоспарлап, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ортақ сатып алуларына қолжетімділіктің бірыңғай орны.

Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н. Сақтағанов және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйледі, соның ішінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры И. Шацкий, «Алматы желдеткіштер зауыты» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы М. Баққұлов, Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары Қауымдастығының президенті Е. Садықов және «ЕСКО» ЖШС директоры А. Шмарин бар.

Кездесу қатысушылары өнеркәсіптің түрлі салаларында мемлекеттік сатып алулар жүйесін дамыту жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.

Жалпы Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жүйелік негізде кәсіпкерлік ахуалды жетілдіру мен бизнестің іскери белсенділігін ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы орайда еліміздің әрбір жүйе құраушы кәсіпорны бойынша жергілікті қамту көлемін ұлғайту жұмыстары жалғастырылады. Бұдан өзге, кәсіпкерлерге қаржылық және заңнамалық қолдау көрсету шаралары ұсынылатын болады. ҚР Үкіметі бизнес шығындарын қысқарту мен қайта реттеу жұмыстарын жалғастырады.

1/1