ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сараптама кеңесінің отырысын өткізді

20 сәуір 2017, 17:00
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар сарапшылардың мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйелерін жетілдіру бойынша айтқан ұсыныстары талқыланды.

Талқылауға «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Ракурс» Экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Стратегиялық бастамалар орталығының» аға серіктесі О. Хұдайбергенов және «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Е. Досаев, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы Е. Карин, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға еліміздің заңнамасына тиісті түзетулерді енгізу үшін сарапшылардың ұсыныстарын зерттеп, танысуды тапсырды.