ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

28 наурыз 2017, 17:33
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Отырыс барысында ҚР Үкіметінде жобалық басқаруды ұйымдастыру аясында басым бағыттар мен мақсатты индикаторларды бекіту туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ҚР Үкіметінде жобалық басқаруды ұйымдастыру бойынша Бірінші кезектегі шаралар жоспары қарастырылып, бекітілді.

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы экономиканың орташа әлемдік деңгейден жоғары өсу қарқынын қамтамасыз етуге және дамыған 30 елдің қатарына  ену үшін тұрақты ілгерілеуін қамтамасыз ететін ел дамуының Үшінші жаңғырту аясындағы негізгі басымдықтарын айқындады.  

Аталған міндетті тиімді іске асыру аясында Үкімет жобалық басқару тетігін әзірледі. Бұл жүйенің арқасында бір мемлекеттік органның құзыретінің шегінен шығатын және қомақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған мәселелерді шешуге мүмкіндік туады. Жобалық басқаруды табысты жүзеге асыру мақсатында Орталық ендіру штабының негізгі бес тиімділік көрсеткіші айқындалған, оларды жүзеге асыру үшін барлық министрліктер жұмылдырылатын болады.