Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентіне ІІ дәрежелі

28 қыркүйек 2012

Премьер-Министр Серік Ахметов Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Халықаралық Олимпиадалық комитеттің мүшесі, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аянға ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.


Үкімет басшысы Олимпиадалық комитеттің жұ­мысына, ауыр атлетика спортын дамытуға және оны жұртшылыққа кеңінен танытуға қосқан қомақты үлесі үшін Т.Аянға алғыс білдірді. «Қазақстанда Үкімет тарапынан ауыр атлетиканы әрі қарай да­мыту үшін қолдау көрсету жалғасатын болады», деді С.Ахметов.

Т.Аян өз кезегінде, Лондонда өткен Олимпиада ойындарында жеті алтын медаль, оның ішінде ауыр атлетикадан төрт алтын медаль қанжығалаған Қазақстан құрамасының бұрын-соңды болмаған жетістігін атап өтті.


«Мен қазақстандық спортпен, әсіресе Ауыр атлетика федерациясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келемін. Қазақстанда дарынды жастар өте көп. Осы спортты дамытуға Қазақстанның орасан үлес қосып отырғанына қуаныштымын. Сіздерге көп рахмет, бұл марапат мен үшін үлкен құрмет», деді Т.Аян