Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Семей қаласының ЖЭО-1 қайта жөндеу жұмыстары туралы есеп берілді

17 наурыз 2017, 10:37
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың 70%-ын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1-дің қайта жөндеу жұмыстарын тексерді.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаевқа өңірдің басымдықты жобаларының бірі болып табылатын ЖЭО-3-тің құрылыс жұмыстары туралы есеп берілді. Қазіргі уақытта жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген және мемлекеттік сараптамадан дәйектеме алынған.

Жобаның мақсаты –  тиімділігі мен сенімділігі төмен көптеген қазандықтардың қуаттылықтарын алмастыру, жылулық жүктемелердің өсімін жабу, технологиясы тиімді жылу және электр энергиясы өндірісінің экологиялық таза көзін қалыптастыру.

Жобаны іске асыру жергілікті өндірістердің дамуына және «Қаражыра» кен орнынан көмір өндіруді қоса алғанда, олардың ұзақ мерзімді қызмет көрсетуіне ықпал ететін болады.

1/2
2/2