Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Cерб университетінің ректоры Славко Вукша Н.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласы жайлы өз пікірін білдірді

18 сәуір 2017, 18:36
Фото: egemen.kz

«Альфа БК Университет» (Белград қ.) ректоры, профессор Славко Вукша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысып, аталған құжатта елдің келешекте дамуына қажетті бағдарлар берілгенін атап өтті.  

«Қазақстан Басшысының әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша міндеттерді іске асырудың маңызды факторларының бірі ретінде білім беру мәселесіне ерекше мән беруі ғылым мен білім беру саласының өкілі ретінде менің ойымнан шықты», - деп есептейді С. Вукша.

Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азамат өзінің күш-жігері, білім алуға деген құлшынысы, өзін өзі дамыту арқылы алға қойған мақсатына қол жеткізе алатынын атап өтеді. Қазіргі уақытта қарым-қатынастың заманауи технологияларын, шет тілдерін меңгеру міндетті талап болып отыр, осы арқылы әрбір адам тың ақпарат алып, басқалардың тәжірибесін үйренеді және алған білімі мен жинақтаған тәжірибесін өз елі үшін сарп етеді.    

Профессор сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасына қатысты пікірін айтты:

«Мен «Болашақ» бағдарламасын бірегей бағдарлама деп санаймын, соның арқасында мыңдаған қазақстандық жастар әлемнің үздік университеттерінде білім алуға қол жеткізді. Әлемде осындай тиімді әдіс арқылы заман талабына сай, алған білімін практикада қолдана алатын мамандар даярлап отырған санаулы ғана ел бар».    

С. Вукшаның пікірінше, кез келген елдің өсіп-өркендеуіне жоғары білімі бар әрі қазіргі заман талабына тез бейімделетін  адамдар қомақты үлес қосады. Әрбір адам білімге инвестиция салу, нәтижеге қол жеткізуге ұмтылыс жасау қоғамның дамуына ықпал жасап, өзінің сұраныстағы маман болуын қамтамасыз ететіндігін түсінуі қажет.  

​​«Әлемге әйгілі серб ғалымы Никола Тесланың: «Шамаңа қарай әрекет жаса» деген мәтелді білесіз бе?. Бұл - бос сөз. Адамның қолынан бәрі келеді» деген ұлағатты сөзімен бөліскім келеді», - деп қорытындылады С. Вукша.