Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ өсімі 3,7% құрады

16 мамыр 2017, 10:13

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен отырыс барысында 2017 жылдың 4 айының ішіндегі экономикалық өсімнің қарқыны қаралды.

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 4 айдың қорытындысына сәйкес экономиканың басым салалары бойынша өсімнің жеделдеуі байқалатынын атап өтті. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ өсімі 3,7% құрады. Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, сонымен қатар ЖІӨ динамикасын қолдауға көмек болған экономиканың нақты секторындағы артып келе жатқан белсенділік негізгі факторларға айналды.

ЖІӨ оң динамикасы тау-кен және өңдеу, құрылысы салаларының және қызмет көрсету саласының нақты өсімімен себептеледі. Тау-кен өнеркәсібі салаларында көмір мен қоңыр тас көмір, мұнай, табиғи газ алу көрсеткіштерінде оң динамика байқалды. Негізгі өңдеу сегменттерінде де, атап айтқанда, мұнай өңдеуде, фармацевтикада, металл емес минерал өнімдерде, металлургиялық өнімдерде және машина жасауда жандану байқалады.

Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі өзгерістерге ұшыраған жоқ және 2,9% оң көрсеткішінде сақталып қалды. Құрылыста да 6,1% артып, оң динамика сақталуда. Павлодар, Жамбыл облыстарында және Астанада жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша есепті кезеңде көрсетілетін қызметтер өндірісі 1,9% өсті. Секторлар бойынша сауда-саттықта және ақпарат пен байланыста өсім байқалады, көлік және қоймалау қызметі саласының даму көрсеткіштері  3,5% артты, ал жүк айналымы 5,9%, жолаушылар айналымы 3,2% өсті.

1/1