2017 жылғы 1 маусымнан бастап Астанада екі жаңа автобекет жұмыс жасайды

19 мамыр 2017, 12:17
Фото: primeminister.kz

ЭКСПО-2017 кезінде жолаушыларды үздіксіз тасымалдау үшін Астанада екі жаңа автобекет ашылады, онда тәулік сайын еліміздің өңірлерінен 400-ге дейін автобус келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр баяндады.

Алдын ала есептеу бойынша, ЭКСПО-2017 кезінде облыстардан Астанаға автобустармен 472 мыңнан астам адам, немесе тәулігіне 5 мыңнан астам мейман келеді.

«Сапаржай Астана» автовокзалы ағымдағы рейстерге қызмет көрсетеді, сондықтан елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін дағдылы бағдарлар өзгеріссіз қалады.

Қосымша ашылған рейстерге жаңа автобекеттерде қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Алай» автобекеті жұмыс жасай бастайды, онда солтүстік және батыс өңірлерден – Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскеменнен келетін қосымша ашылған рейстерге қызмет көрсетіледі.

Екінші автобекет - «Кең март» - оңтүстік және орталық өңірлерден - Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағандыдан күніне 34 рейс қабылдайды.

«Қазіргі таңда автотасымалдарды ұйымдастыру процесін жедел реттеу мақсатында ҚР ИДМ Көлік комитеті мемлекеттік нөмірлері, иелері, сыйымдылығы және шығарылған жылы көрсетілген автобустар тізімін жасап жатыр», – деді Р. Скляр.

1/1