«Бастау» жобасын өңірлерде сәуір айының ортасынан бастап іске асыру жоспарланған 

10 сәуір 2017, 12:50

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. 

«Бизнес Бастау» бағдарламасы қаржылық емес қолдау көрсету операторы болып табылады. 

«Қазіргі таңда жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ең жоғарғы үлесі бар 80 аудан анықталды. Ақпан-наурыз айларында 100 бизнес тренер даярланды, сонымен қатар негізгі екпін әдістемелік дайындыққа қойылды. Биыл 1 сәуірден бастап 80 ауданның 7-інде тестілеу кезеңі басталды, сондай-ақ, бірінші қабылдауға 5 мың адам жиналған, 15 сәуірде барлық аудандарда «Бастау» жобасы қолға алынады», - деп хабарлады А. Мырзахметов. 

Шағын несиелендіру мен кепілдік беру бойынша проблемалық мәселелерді шешу жұмыстары республика өңірлеріне жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚазАгро және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүргізіледі.