Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды

18 сәуір 2017, 11:40
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама мен республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп ұсынылды. 

ҚР Премьер-Министрі бірқатар мемлекеттік органдарда бюджет қаражатының игерілмеуі байқалғанын атап өтті. Бұл тұста Б. Сағынтаев мұндай жағдайдың орын алуының негізсіз екенін айтты. 

«Бізде сол бір нәрсе жылдан-жылға қайталанады – сапасыз жоспарлау мен конкурстардың уақытылы өткізілмеуі орын алады. Орталықтандырылған деңгейде еш проблема жоқ. Демек, мәселе әкімшілер мен жергілікті жерлерге келіп тіреледі», - деді Б. Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландыруды арттыру арқылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қаржыландыру жоспарын түзету қажеттігін атады.  

Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекет қаражатын тиімді әрі уақытылы игеру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды.  

ҚР Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алулар бойынша сәйкес заң жобасын уақытылы ұсыну тапсырылды.