Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

С.Ахметов Экономикалық даму және сауда министрлігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды

25 қыркүйек 2012

Үкімет басшысы Серік Ахметов Экономикалық даму және сауда министрлігінде болып, онда ұжымға ведомствоның жаңа басшысы - Ерболат Досаевты таныстырды. 

                  

«Мен алдымен Бақытжан Әбдірұлына алғысымды білдіргім келеді. Айтарлықтай қиын кезеңде ол экономикалық даму және сауда министрлігін басқарды. Интеграция, Кедендік одақ бойынша көп мәселелер алдымызда тұрған болатын. Бақытжан Әбдірұлы өзінің командасымен осы жұмыстарды жемісті атқара білді», - деді Серік Ахметов.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үкіметтің жаңа құрамы жасақталған болатын. Соған орай министрлердің басым бөлігі өз лауазымдарын сақтап қалған еді. Ал Экономикалық даму және сауда министрлігіне жаңа басшы тағайындалды. Ведомствоның бұрынғы басшысы Бақытжан Сағынтаев «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне ауысқан еді.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, жаңа Үкіметтің құрамында екі министрлік басшысы әлі тағайындалмаған. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін тағайындау кейінірек шешілетін болады.