Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Су тасқыны кезеңіндегі Қазақстан өзендері сулылығының алдын ала болжамы әзірленді

21 ақпан 2017, 17:33

Бұл туралы сейсенбі күні, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, шұғыл гидрометеорологиялық ақпарат негізінде 307 гидрологиялық бекет, 339 метеорологиялық станция және бекет, 2 қар көшкіні станциясы бақылау жүргізуде. Су нысандарында айқын өзгерістер пайда болған кезде, барлық гидрологиялық бекеттер жиіленген – әрбір 4 сағат сайынғы бақылауға ауысады.

Тиісті органдарға бағытталған су тасқыны кезеңіндегі Қазақстан өзендері сулылығының алдын ала болжамы әзірленді. Су тасқыны кезеңінің негізгі болжамы 2017 жылғы наурыздың бірінші онкүндігінде әзірленеді.

Министрдің айтуынша, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өзендердің сулылығы (Есіл, Сілеті, Шағалалы, Жабай, Қалқұтан) су тасуы кезінде қалыпты жағдайдан 30-50%-ға жоғары болады деп күтілуде, су деңгейінің қауіпті белгісінен асу, тасқын болып, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Қостанай облысында Тобыл өзенінің бөгендер каскадына судың келуі қалыпты жағдайдан 15-20%-ға жоғары болады деп күтілуде. Республика тауларындағы едәуір ылғалдың жиналуына орай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан (Арыс, Келес, Теріс, Құрғаты, Шарын, Құрты, Текес, Көксу, Шар, ШҚО Батыл Алтай өзендері және т.б.) облыстарының көптеген өзендерінің сулылығы көктем-жаз мерзімінде қалыптағысынан 15-40%-ға жоғары болады деп болжанған. Үржар және Көктерек өзендерінің сулылығы (ШҚО Семей өңірі, Алакөл көліне судың құйылуы) қалыптағы мөлшерден 30-50%-ға жоғары болады деп күтілуде.

2017 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде электр станциялары мен электр желілерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында еріген қар суының әсерінен бұзылуы мүмкін электр желілік нысандарға тексеру жұмыстары жүргізілуде, айдап шығару тетіктері пайдалануға дайын жағдайға келтірілген, жылжымалы ревервтік қоректендіру көздері әзірленді деді Қ. Бозымбаев.

Қарқынды қар еруі мен су деңгейінің көтерілуі кезеңінде авариялық-қалыпқа келтіру бригадалары тәулік бойы кезекшілік ететін болады.

«Осы мақсаттарда 2002 арнайы техника, 34 жүзу құралы және т.б. қызмет көрсететін болады. 362 995 тонна көлемінде ЖЖМ қоры бар», - деп сөзін қорытындылады энергетика министрі.