ЕАЭО мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін талқылады

18 мамыр 2017, 15:15
Фото: primeminister.kz

2017 жылы 17 мамыр күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысына қатысты.

Кеңес отырысы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпарат министрлерінің қатысуымен өтті. Қазақстаннан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты.

ЕЭК Кеңесінің отырысында бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды. 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру бойынша бастамаларға баса назар аударылды.

ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін қалыптастыру мүше мемлекеттердің ашық, кең әрі тең құқылы ынтымақтастығына, әрбір мемлекеттің экономика көлемі мен тиімділігінің артуына жол ашады. ЕАЭО экономикалық, технологиялық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі.

Отырыс барысында ЕуразЭҚ-тің ішкі нарығындағы кедергілерді жою мәселелеріне ерекше назар аударып, Кеңес мүшелері ЕуразЭҚ-тің ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға байланысты «жол картасын» мақұлдады. Бұдан өзге, 2016 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау нәтижелері туралы ЕЭК-тің есебі тыңдалды.  

Бұл шаралар кешені ҚР тауарларының ЕуразЭҚ елдері нарығына шығуына жол ашып, шағын және орта бизнес үшін қолайлы жағдай туғызады.

Тиісті мәселелерді ЕуразЭҚ-ке мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының қарастыруы үшін ағымдағы жылдың 26 мамырында енгізу жоспарланған.

Тауарларды ЕуразЭҚ-тің Кеден кодексінде көзделген ЕЭК актілерімен, сондай-ақ, ЕуразЭҚ-тегі сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесін дамыту мәселелері Кеңес мүшелерімен талқыланды.

Таңбалау жүйесін енгізу болашақта көлеңкелі экономика көлемін және контрафактілік өнімдердің айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.

Комиссия Кеңесі ЕуразЭҚ аясында балаларға арналған ойын алаңдарындағы бірыңғай қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламент қабылдады. Техникалық регламенттің қабылданған күннен бастап 18 ай өткен соң күшіне енуі қарастырылған.

Бұдан өзге, ветеринарлық бақылау және кедендік-тарифтік реттеу саласында туындаған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. 

ЕуразЭҚ-ті әрі қарай дамытуға бағытталған барлық мәселелер бойынша өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді.