Астанаға ЭКСПО-2017 өткізу кезінде күн сайын 20 мыңнан астам қонақ келеді

19 мамыр 2017, 12:11
Фото: primeminister.kz

Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне шамамен 2,45 млн адам келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Айтулы шараны тамашалауға еліміздің өңірлерінен 1,8 млн-нан астам адам келеді деп күтілуде. Елордаға темір жол көлігімен 1,1 млн-ға жуық қазақстандық келеді. Шамамен 161 мың адам әуе көлігін таңдайды. Тұрақты автобус рейстерімен 350 мыңнан астам қонақ келуі тиіс. Ал жеке автокөлікпен 200 мыңға жуық адам келеді.

Жалпы, Астанаға тәулік сайын шамамен 20 мың адам келеді деп күтілуде.

1/1