Қазақстанда жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды

16 тамыз 2016, 19:18
Фото: Госкорпорация «Правительство для граждан»

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Атап айтқанда, республикада жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі жеңілдетілді.

Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді.

Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды.

«Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді – құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндірді М. Құмарғалиев.

Сондай-ақ, ол пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.  Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Жоба аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады.

Анықтама үшін:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі – алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, Жер және жылжымайтын мүлік бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.