Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда кен өндіру және өндірістің негізгі көрсеткіштерінің өсімі байқалған

18 сәуір 2017, 11:05

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ресурстар өндіру мен өнеркәсіп өндірісінің қорытындылары қаралды.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%-ға, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 5,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 6,5%-ға өскенін баяндады.

Тау-кен өндіру секторында, түсті металл кендерін өндіру көлемі 10,8%-ға артқан, темір кені өндірісі 11,4%-ға өскен. Металлургияда өндіріс көлемі 7,1%-ға, атап айтқанда қара металлургияда 7%-ға, түсті металлургияда 7,3%-ға артты. Сондай-ақ, фармацевтикалық өнеркәсіпте 25,1%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 7,8%-ға өндіріс өсімі бар.

Жүктер тасымалдау көлемі 1,1%-ға өсіп, 813 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 5,4%-ға артып, 125 млрд. ткм құрады. Тасымалданған жолаушылар саны 0,8%-ға артып, 5,4 млрд. адамды құрады.

Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауда едәуір өсім байқалуда. Жүк тасымалы 15,7%-ға артып, 87 млн. тоннаны құрады, жүк айналымы 12,6%-ға өсіп, 60 млрд. ткм құрады.