Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері жоспарланған көрсеткіштерден асты

18 сәуір 2017, 10:57

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кезекті отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

Б. Сұлтанов бюджеттің барлық деңгейінде мемлекеттік бюджет кірістері асыра орындалғанын хабарлады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың өсімі 116%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері есептік кезеңде жоспарға 113%-ға, оның ішінде республикалық кірістер - 105%-ға, жергілікті бюджеттер - 134%-ға асыра орындалды. Республикалық бюджетке 1 157 млрд. теңге сомаға кіріс түсті. Бұл жоспардан 52 млрд. теңгеге көп, ал өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 137 млрд. теңгеге артық. Асыра орындау импорт көлемінің 25%-ға артуы, металл бағаларының өсуінен және тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізуден түскен айналымдар есебінен орын алды.

«Мемлекеттік бюджет шығындары 97%-ға орындалды. Республикалық бюджет бойынша игеру 98%-ды құрады, бұл жергілікті бюджеттерге қарағанда жақсырақ. Өңірлік бюджеттер 97%-ға атқарылды. Республикалық бюджет шығындары 2 065 млрд. теңгені құрады», - деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Қаржы министрінің айтуынша, мақсатты трансферттердің жылдық сомасы 997,5 млрд. теңгені құрайды. Есептік кезеңде 218,7 млрд. теңге бөлінген. Жергілікті атқарушы органдармен олардың 96% пайдаланылды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға 477,1 млрд. теңге қарастырылған: бюджет арқылы – 319,9 млрд. теңге және «Бәйтерек» Холдингі арқылы - 157,2 млрд. теңге.

«Мемлекеттік бағдарламаның бюджеттік бөлігі бойынша 16,3 млрд. теңге, немесе 99,7% игерілді. 146,2 млрд. теңгеге, немесе жылдық жоспардың 46%-на келісімшарттар жасалды», - деп баяндады Б. Сұлтанов.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында «2017 жылғы 1 тоқсандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы және республикалық бюджеттің атқарылуы қорытындылары туралы» мәселе қаралды.