Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қыркүйекте валюта айырбастау бағамы күрт көтеріледі деп күтілмейді - ҚР Ұлттық банкі

27 тамыз 2015, 06:00

Қыркүйек айында ұлттық валютаның айырбастау бағамын күрт арттыру күтілмейді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов. 

«Жалпы, бір аптада байқағанымыздай, бір долларға 240 теңгеден сәл жоғары бағам оңтайлы болып, қыркүйек айының басында қандай да бір тарапқа күрт көтерілу күтілмейді», - деді Н.Құсайынов.

Оның айтуынша, 2 қыркүйекте өтетін техникалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша айрбастау бағамының базалық мөлшерлемесі анықталады.  

«Меніңше, ешқандай тосын сый болмауы тиіс, сондықтан айырбастау бағамын еркіндікке жіберген соң пайыздық арнаны көрдік, және оның қандай дәлізде болатынын білеміз. Сондықтан, қыркүйекте ешқандай тосын сый күтілмейді», - деп баса айтты ол. 

Сондай-ақ, ол жыл соңына дейін Халық банкі техникалық кеңестің 4 отырысын өткізетінін айтып өтті.