Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» № 42

17 шілде 2017, 22:45

2017 жылғы 10-15 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру, барлық дәрі-дәрмектердің бағаларын мемлекеттік реттеу мәселелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу шаралары бойынша ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері тікелей эфирде БАҚ өкілдерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

10 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Латвия Республикасының басшысымен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша және Лондон Ситидің Лорд-мэрімен қаржы қызметтерін, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулер өткізді. 

11 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қытай Халық Республикасының ауыл шаруашылығы министрімен Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың а.ж. мамырдағы Бейжіңге ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай арасында жасалған шаруашылық ынтымақтастығы туралы келісімдерді іске асыру бойынша кездесу өткізді.

Сәрсенбі күні, 12 шілдеде, Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді, оның барысында бизнес ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды және әкімшілік кедергілерді азайту мен жеке меншікті қорғау бойынша шаралар қаралды.

Сол күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында көші-қон саясаты және моноқалаларды дамыту, мемлекеттік органдар қызметін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бейсенбі күні, 13 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді. Отырыс барысында Қазақстанды үшінші жаңғыртудың жобалық басқару мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет үйінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, экономиканың негізгі салаларын цифрландыру мәселелерін талқылады.

Жұма күні, 14 шілдеде Бақытжан Сағынтаев индустриялық-инновациялық дамыту, мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Сенбі күні, 15 шілдеде Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында Астанада стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.