Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №45

07 тамыз 2017, 11:12

2017 жылғы 31 шілде мен 5 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

• ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды.

• Сейсенбі күні, 1 тамызда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шараларын іске асыру барысы, Ұлттық бірыңғай тестілеу мен қабылдау емтихандарының қорытындылары туралы Үкімет отырысы өтті.

• Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне қызығушылық тудырған барлық сұрақтарға ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова тікелей эфирде жауап берді.

•Сәрсенбі күні, ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ҰЭМ, ИДМ, ҚМ және ЭМ басшыларының қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» үшінші институционалдық реформасының экономикалық блогінің қадамдарын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтті.

• Бейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы доктор Фан Люмен кездесу өткізді.

• Жұма күні, 4 тамызда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның ұлықтылығын қамтамасыз ету» екінші институционалдық реформасын іске асыру барысы туралы кезекті баспасөз конференциясы өтті. Оған Жоғарғы сот, Бас прокуратура өкілдері және ҚР ІІМ, ӘМ басшылары қатысты.

• Сондай-ақ, сол күні ҚР Премьер-Министрі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері бойынша кеңес өткізді.