Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47

21 тамыз 2017, 12:41

2017 жылғы 14-19 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың төрағалығымен Бурабайда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңес жұмысына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

14 тамызда Ақордада Мемлекет басшысы ЕАЭО Еуразиялық үкіметаралық кеңесіне мүше елдердің үкімет басшыларымен кездесу өткізді.

Сол күні Астанада ЕАЭО мүше елдердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы кезекті отырыстары өтті. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды.

ЕҮАК аясында Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Армения Республикасының Премьер-Министрі К. Карапетянмен кездесу өткізді.

ЕҮАК отырысының жұмысы аяқталған соң іс-шараға қатысушылар Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық павильондарын аралады.

Сейсенбі күні, 15 тамызда, Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында жаңа 2017-2018 оқу жылының басталуына дайындық, сондай-ақ ҚР Ұлттық инвестициялық стратегиясы және Ұлттық экспорттық стратегиясы жобалары мәселелері қаралды.

Сол күні Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті.

Сәрсенбі күні, 16 тамызда ҚР Премьер-Министрі компания президенті И Сяоган басшылық еткен SANY Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Машина жасау, сонымен қатар көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы мен оларды дамыту саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.  

Бейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Астанаға жұмыс сапарымен келген Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті. Энергетика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

19 тамызда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Ауғанстан Ислам Республикасының Атқарушы билігінің басшысы Абдулла Абдулламен кездесу өткізді.

Сол күні Астанада Бақытжан Сағынтаев еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын аралады.