Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48

28 тамыз 2017, 10:06

2017 жылғы 21-26 тамыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

• Өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңеске ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев, Мәжіліс төрағасы Н. Нығматулин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбеков, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жетекшілері қатысты. Кеңесте жұмыс тобы жетекшілерінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру туралы есептері тыңдалды. 

• Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы барысында Мемлекет басшысының өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Сондай-ақ, күн тәртібінде «Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің жобасы және ілеспе заң жобалары және «Кейбір заңнамалық актілерге бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралды.

• 21 тамызда Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары және ҚР БҒМ-нің «2018–2020 жылдарға арналған Бірегей дәрі-дәрмектерді әзірлеу мен оларды зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру» бағдарламасының ғылыми-техникалық жобасы талқыланды.  

• Бейсенбі күні, 24 тамызда, Астанада ҚР Премьер-Министрі жыл сайын ұйымдастырылатын «Еуразия аптасы» халықаралық форумының ашылуында сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытуға қатысты тақырыптарды талқылауға қатысты. 

• Сол күні Бақытжан Сағынтаев елімізде өткізіліп жатқан «Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі» бойынша және кейін оның аумағында Халықаралық қаржы орталығы жобасын іске асыру туралы кеңес өткізді.  

• Жұма күні, 25 тамызда, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Мұнай-газ саласы бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

• Сенбі күні Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері бойынша кеңес өткізді.