Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49

04 қыркүйек 2017, 10:00

2017 жылғы 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

• Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті, онда ҚР 2018–2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралып, 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қабылданды.

• 28 тамызда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

• 29 тамызда ҚР Үкіметінің отырысында Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне Мемлекет басшысының жарлықтарымен тағайындалған ҚР Премьер-Министрінің орынбасарларын: Е. Досаев пен А. Жұмағалиевті таныстырды, және олардың жауапты қызметтерін белгіледі.

• Апта ішінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тағы да бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

• Дүйсенбі күні Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен кездесті. Осы күні Бақытжан Сағынтаев басқарма басшысы Лю Сюцай басшылық еткен «Сathay Industrial Biotech Ltd» қытай компаниясының өкілдерімен ынтымақтастық келешегін талқылады.

• Бейсенбі күні, 31 тамызда, Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Алан Данканмен кездесу өткізді.

• Сенбі күні Үкімет үйінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері бойынша кеңес өтті.

• Сондай-ақ, осы аптада ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыруға арналған бірқатар баспасөз конференциялары өтті. Брифингтердің тақырыптары ҚР Үкіметінің 2017 жылы қабылдаған діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу шараларын күшейту туралы, макроэкономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз ету, сонымен қатар бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту шараларын іске асыру жөнінде болды.