Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №51

18 қыркүйек 2017, 14:45

2017 жылғы 11-16 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада Астана қаласында Мемлекет басшысының төрағалығымен экономиканы цифрландыру мәселелері жөнінде республикалық кеңес өтті. Кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет әзірлеген «Цифрлық Қазақстан» инновациялық даму бағдарламасын таныстырды

  • Сол күні цифрландыру мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес аясында арнайы көрме ұйымдастырылды, онда мемлекеттік органдар, отандық компаниялар мен ұйымдар отыздан астам АТ-жобалар ұсынылды. Көрмені Мемлекет басшысы Н. Назарбаев аралап көрді.

  • Цифрландыру мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев халықаралық сарапшылармен кездесу өткізді және олармен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі аспектілерін талқылады.  

  • Үкімет үйінде Б. Сағынтаев BitFury Бас директоры Валерий Вавиловпен, Cisco компаниясының ТМД бойынша Вице-президенті Дж. Спэрроумен және Hyperloop басшысы Ш. Пишевармен бірқатар кездесулер өткізді.

  • Сейсенбі күні, 12 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында 2017 жылғы астық жинау науқанының барысы, жаңа Салық кодексінің жобасы және халықты дене шынықтыруға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша Үкімет қолданатын шаралар қаралды.

  • Сондай-ақ, өткен аптада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев БАӘ Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Мұхаммед Абдалла Әл-Гаргавимен кездесу өткізді.

  • Үкімет үйінде Талдықорған қаласы дамуының бас жоспарының жобасын таныстыру өтті.

  • Сәрсенбі күні, 13 қыркүйекте, Бақытжан Сағынтаев YPO өкілдерімен кездесу өткізді.

  • Бейсенбі күні, 14 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Astana Hub жобасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру және іске асыру мәселелері болды.