Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54

09 қазан 2017, 10:00

2017 жылғы 2-7 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қатысты.  

  • Сейсенбі күні, Премьер-Министрдің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. 2017 жылғы тоғыз айдағы инфляция деңгейі және оны осы жылдың соңына дейін белгіленген дәлізде ұстап тұру шаралары, электрондық білім беру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы мәселелер қаралды.

  • Бейсенбі күні, Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

  • Сол күні Үкімет үйінде Премьер-Министрдің қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.

  • Жұма күні, Бақытжан Сағынтаев халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы және «Жер және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне қосымшалар енгізу туралы заң жобаларын таныстыру өткізді.  

  • Бұдан өзге, осы аптада Б. Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы жобалық басқарма жұмыстарының ағымдағы мәртебесі мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізді.