Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» № 57

30 қазан 2017, 09:00

2017 жылғы 23-28 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Жұмыс аптасы ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысын өткізуден басталды. Отырыс барысында АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Дүйсенбі күні, 23 қазанда, Бақытжан Сағынтаевтың ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесуі өтті.

23–24 қазанда Премьер-Министр жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Сапар аясында Б. Сағынтаев «ЭЫДҰ-ның Еуразия апталығы – 2017» форумына қатысып, екінші деңгейлі банктердің басшыларымен және еліміздің қаржы секторының ірі өкілдерімен, өңірлік кәсіпкерлермен кездесулер өткізді, сондай-ақ, бірқатар өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады.

Сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.

25–26 қазанда Б. Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, облыс жұртшылығымен және активімен, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті. Бұдан өзге, еліміздің экономикасына стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық нысандар: Құрық паром кешені мен «Қазтурбожөндеу» құбыр зауытын аралады. Сонымен қатар Премьер-Министр бірқатар әлеметтік инфрақұрылым нысандарында болып қайтты.  

Бейсенбіде Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді.

Жұма күні, 27 қазанда, Үкімет үйінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.