Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №59

13 қараша 2017, 09:00

2017 жылғы 6–11 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Осы аптада Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері, «Барлығына тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру барысы, су тасқыны қатерінің алдын алу шаралары қаралды.

  • Дүйсенбі күні, 6 қарашада Премьер-Министрдің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

  • Сейсенбі күні, 7 қарашада Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Сербия Халық Скупщинасының төрайымы Майя Гойковичпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

  • Сондай-ақ, осы аптада Премьер-Министр мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және экспортты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

  • Сәрсенбі күні, 8 қарашада Бақытжан Сағынтаев Франция елшісі Филипп Мартинэмен және Жапония елшісі Итиро Кавабатамен кездесулер өткізді.

  • Жұма күні, 10 қарашада Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасы Райнер Зелемен кездесу өткізді. Онда компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ АӨК дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталарының жобалары қаралды.

  • Сенбі күні, 11 қарашада Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің «Нұр Әлем» павильонын аралады