Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61

27 қараша 2017, 10:19

2017 жылғы 20–25 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында экспортты ынталандыру шаралары, ҚР биологиялық әралуандығын сақтау және орнықты пайдалану, әлеуметтік және еңбек салаларын цифрландыру шаралары қаралды.

Дүйсенбі күні, 20 қарашада жер қойнауын пайдалану және энергетика кешені саласындағы заң жобаларының таныстырылымы өтті.

Сейсенбі күні, 21 қарашада Үкімет үйінде Премьер-Министр «Шеврон» корпорацияның бас атқарушы директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Дж. Уотсонмен кездесу өткізді.

Сәрсенбі күні, 22 қарашада Б. Сағынтаев стартап-хабтарды, электронды үкіметті дамыту және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бейсенбі күні, 23 қарашада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ нысандарын бәсекелі ортаға беру, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Б. Сағынтаевтың Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының өкілдерімен кездесуі барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру мәселелері, Қазақстанның туристік саласын дамыту келешегі қаралды.

Сондай-ақ, бейсенбіде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі 2025 жылға дейін елімізді стратегиялық дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. 

Жұма күні, 24 қарашада Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында бизнесті дамыту мен инвестициялар тартудың маңызды факторлары ретінде экологиялық заңнама мен экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды.