Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68

22 қаңтар 2018, 09:57

2018 жылғы 15-20 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

Өткен аптада 16 қаңтарда Үкімет үйінде Б. Сағынтаевтың төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының 10.01.2018 ж. Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы, жекешелендіруді жүргізу барысы, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет отырысы жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова жауап берді

Сол күні, 16 қаңтарда Премьер-Министр Varian Medical Systems компаниясының президенті Ж. Девлешауермен кездесу өткізді.

Сәрсенбі күні, 17 қаңтарда Премьер-Министрдің төрағалық етуімен Үкімет жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті

Сондай-ақ, сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев қаржы институттарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Бейсенбі күні, 18 қаңтарда Премьер-Министрдің төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысының іскерлік ахуалды жақсартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бизнес-процестерге азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған саясатын іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бәсекелі ортаға мемлекетке тиісті емес функцияларды беру тетіктері қаралды.

Жұма күні, 19 қаңтарда Б. Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Бұдан өзге, өткен аптада Елбасының 10.01.2018 ж. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында Үкіметтің баспасөз орталығында білім беру саласын ырықтандыру, жекешелендіруді жүргізу және мемлекеттік электронды қызметтерді дамыту мәселелеріне қатысты баспасөз конференциялары өтті.