Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №69

29 қаңтар 2018, 09:47

2018 жылғы 22-27 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

Өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен еліміздің Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Оның жұмысына Премьер-Министр Б. Сағынтаев қатысты. Отырыс барысында Президенттің АҚШ-қа ресми сапарыны қорытындысы мен қол жеткізілген келісімдерді іске асыру шаралары қаралды.

Сейсенбі күні, 23 қаңтарда Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру, құқық қорғау қызметін, атқарушылық іс жүргізу мен сот сараптамасының мәліметтерін цифрландыру және азаматтық авиацияның одан әрі дамуы мәселелері қаралды. 

Сондай-ақ, өткен аптада Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында еліміздің тұрақты экономикалық өсімін және экономиканы жаңғыртуды қамтамасыз ету мәселелер талқыланды.

22 қаңтарда Үкіметтің баспасөз орталығында еліміздің энергетика саласын дамытудың 2017 жылғы қорытындысы мен Энергетика министрлігінің 2018 жылға арналған жоспарлары туралы брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына энергетика министрі Қ. Бозымбаев жауап берді.

Сол күні Үкімет үйінде Премьер-Министр білім беру, мәдениет, ақпарат және коммуникациялар салаларындағы заң жобаларын таныстыру жөнінде кеңес өткізді. Мұрағаттардың қызметі, балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан оларды қорғау, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігі мәселелері бойынша жобалар қаралды.  

Бейсенбі күні, 25 қаңтарда Қазақстанда туризмді дамыту мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің алдында мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы сөз сөйледі.

25 қаңтарда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған міндеттерді орындау тұрғысынан қазақстандық мұнай сервисінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ бейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Трансформациялау бағдарламасы аясында Қор қызметінің 2017 жылғы қорытындысы бойынша есептер тыңдалды, сондай-ақ жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру және Қордың активтерін ІРО-ға дайындау мәселелері талқыланды. 

Жұма күні Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының 10.01.2018 ж. Жолдауын іске асыру мәселелері және мемлекеттік органдардың ағымдағы жылға міндеттері бойынша кеңес өткізді.

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жолдаудың «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» 2-бағыты аясында еліміздің ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған брифинг өтті. Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібеков, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Н. Радостовец, сондай-ақ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары О. Әлібеков шара спикерлері болады.