Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №75

12 наурыз 2018, 09:00

2018 жылғы 5–10 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада 5 наурыз күні Мемлекет басшысы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Онда Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жария етті. Оның ішінде: әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту, сондай-ақ, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау, Инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, 2013–2017 жылдарға арналған Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалу қорытындысы мен мемлекеттік бағдарламаның 2018–2022 жылдарға арналған жобасы қаралған ҚР Үкіметінің отырысы өтті. 

  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

  • Сол күні Б. Сағынтаевтың төрағалығымен қайырымдылық, меншік құқығын қорғауды күшейту, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру туралы заң жобалары талқыланды.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында отандық ғылымды дамыту мәселесі талқыланды. Соның ішінде, 2018–2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жоспарлары қаралды.

  • Сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Президент Жолдауын іске асыру аясында аграрлық ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Сол күні 8 наурыз — Әйелдердің халықаралық күнін мерекелеу қарсаңында Салтанатты концерт өтті. 

  • ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев шара спикері болды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз