Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83

10 мамыр 2018, 13:16
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 30 сәуір мен 5 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Өткен аптада Астанада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты шаралар өтті.

3 мамырда, Отан қорғаушы күні қарсаңында Ақордада ел Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер мен мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі өтті.

Сейсенбі күні, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ транспорт пен логистиканы цифрландыру мәселелері қаралды.  

Бейсенбі күні, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Сол күні Бақытжан Сағынтаев халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жұма күні, 4 мамырда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеамен және Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC) басқарма төрағасы, директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Гу Шу мырзамен кездесулер өткізді.

Сенбі күні, 5 мамырда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ҚР Заңын іске асыру және “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасы бойынша Парламент мәжілісі депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындысының жобасы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, өткен аптада Үкіметтің баспасөз орталығында Global Challenges Summit 2018 ХІ Астана экономикалық форумына дайындық барысы туралы баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына АЭФ ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары — ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, GVA Kazakhstan серіктесі өкілі Б. Столяров, сондай-ақ, АЭФ ұйымдастыру комитетінің мүшелері Б. Тұрлыбеков және Д. Жолдаспаева жауап берді.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз