Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Семей қаласына барды

17 наурыз 2017, 19:31

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының екінші күнінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Семей қаласына барды.

Премьер-Министр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Семей қаласының халықаралық әуежайының қайта жөнделу жұмыстарымен және жүйесімен танысты.

Бақытжан Сағынтаев Семей қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың 70%-ын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1-дің қайта жөндеу жұмыстарын тексерді.

Премьер-Министр Назарбаев зияткерлік мектебінің Семей қаласындағы бөлімшесінің жұмысымен танысты. Дарынды балаларға арналған мектептің жаңа ғимаратын аралау барысында Б. Сағынтаев өзін-өзі тану, нанотехнологиялар, биотехнологиялар кабинеттерін, қыш құмыра шеберханасын, асхана мен кітапхананы аралады.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Семей қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Премьер-Министр кездесу қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, Үкіметтің ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.