Видеодайджест: «ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары»

15 сәуір 2017, 22:27

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барды. Ондағы басты мақсат - әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, сонымен қатар оларды Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуына қатысуға шақыру.  

Сейсенбі күні, 11 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Нью-Йоркте халықаралық қаржы институттарының басшыларымен және рейтингілік консалтингтік және талдамалық компания өкілдерімен, Нью-Йорктің экс-мэрлері Рудольф Джулиани мен Майкл Блумбергпен бірқатар кездесулер өткізді. 

Кездесулер туралы толығырақ мына жерден оқыңыздар.