Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға барды»

17 наурыз 2017, 09:17

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ШҚО-ға барды.

16 наурызда Премьер-Министр жұмыс сапары барысында әлемдегі ең үлкен кәсіпорындардың біріне айналған Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты. Б. Сағынтаев нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдерімен, кен алу және байыту технологиясымен танысты.  

Премьер-Министр «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-на барды. Кәсіпорын майлы және дәнді дақылдардың жоғарғы репродукцияларының тұқымын өсірумен, өткізумен айналысады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласына арналған арматура өндіретін ТМД-дағы ірі зауыт – Өскемен арматура зауытына барды. Мұнда Б. Сағынтаев зауыттың шығаратын өнімдерімен және өндірістік қуаттылықтарымен танысты.

Б. Сағынтаев Үлбі металлургия зауытының жұмысымен танысты. Премьер-Министрге сыйымдылығы жоғары конденсаторлы тантал ұнтақтар өндірілетін корпус қызметі таныстырылды, олар жоғары сапалы радио-электронды аппаратураның ажырамас құраушысы болып табылады. Өндіріс нысанын аралау нәтижесі бойынша ШҚО әкімдігі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «ҮМЗ» АҚ ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.

ҚР Премьер-Министрі Өскемендегі көз микрохирургиясы емханасына барды. Медицина мекемесін аралау барысында Б. Сағынтаев медицина кадрларын қайта даярлаудың үшдеңгейлік жүйесімен танысты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барды. Онда жоғарғы оқу орнының ғылыми әзірлемелерімен танысты.

Б. Сағынтаев өңірлердің кәсіпкерлерімен ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, сонымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық талдамалар жөніндегі мәселелер бойынша ғылыми жобалардың жетекшілерімен кездесу өткізді.