Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Кепілдік қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шағын несиеге кепілдік беру арқылы шешіледі

10 сәуір 2017, 12:43

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі отырысы барысында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов хабарлады.

Министрлік 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының екінші операторы болып табылады.

Ауылдық жерлерде кепілгер «ҚазАгроГарант» АҚ болмақ.

Бағдарламада ауылдық жерлерде және шағын қалаларда шағын несие ұсыну мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін қарастырылған. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері 85% дейін, әрекеттегі кәсіпкерлер үшін – 50% дейін құрайды.   Аталған мақсаттарға 2017 жылғы республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге бөлінген.

Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда шағын несиелер оларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қорландыруы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы Бағдарлама қатысушыларын тікелей несиелеу арқылы шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктер ұсынады.  

Шағын несиелеу ұйымдарының бағдарламаға қатысуын ынталандыру және пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін ШҚҰ операциялық шығындарын субсидиялау құралы енгізілген. Субсидия мөлшері берілген шағын несиелер көлемінің 10% құрайды.

«Аграрлық Кредиттік Корпорация» АҚ 18 шағын несие ұйымдары мен 167 несиелік серіктестіктерінің тізімін жасады. 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2221 жұмыс орны құрылды.

А. ж. ақпан айында еліміздің барлық 160 өңірінде кооперация негіздерін және Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасын түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері аталған бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс.

Сөз соңында Қ. Айтуғанов Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін министрлік тарапынан барлық қажетті шаралар қолданылып жатқанын айтты.