Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумының қорытындысы бойынша видеодайджест

12 ақпан 2018, 19:10

2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумы өтті.

Шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Б. Сағынтаев, Армения Республикасының Премьер-Министрі — К. Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі — А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі — С. Исаков, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі — А. Арипов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. Медведев, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т. Саркисян, сондай-ақ шетелдік жетекші сарапшылар мен халықаралық АТ-компаниялардың басшылары қатысты.

Бақытжан Сағынтаев форумның пленарлық отырысын ашу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.

Сол күні форум аясында Б. Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді. Тараптар цифрлық технологияларды енгізу және ортақ жобаларды іске асыру саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар форум аясында Бақытжан Сағынтаев ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде халықаралық АТ-компаниялардың басшыларымен және шетелдік сарапшылармен кездесті. Кездесуге Gartner компаниясының вице-президенті Андреа Ди Майо, Ұлыбритания Үкіметінің технологиялар жөніндегі кеңесшісі Лиам Максвелл, Дүниежүзілік банктің цифрлық стратегия және үкіметтік сараптау жөніндегі кеңесшісі Рандип Судан, Дүниежүзілік банктің АТ және электроника бағытының басшысы Данил Керими, Ресей мен ТМД-дағы IDC вице-президенті Роберт Фариш қатысты.